2025 жылғы 27 мамырда Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз төртінші сессиясы өтті, оған аудан әкімінің орынбасарлары, бөлімдер мен басқармалардың басшылары, әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Шемонаиха аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 25/3-VIII «Шемонаиха ауданының 2025-2027 жылдарға арналған қала, кенттер мен ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А. М. Самойлова сөз сөйлеп, 2025 жылға арналған қала, кенттер мен ауылдық округтердің бюджетін нақтылау және ұлғайту туралы хабардар етті.
Ведомствоаралық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізілді.
Қаралған барлық мәселелер бойынша бірауыздан шешімдер қабылданды.
Шемонаиха аудандық мәслихатының сессиясы Facebook әлеуметтік желісінде онлайн-трансляция ұйымдастырумен пленарлық отырыс түрінде өткізілді.