Темекі бұйымдарын заңсыз тасымалдаудың жолын кесу туралы

Темекі бұйымдарын заңсыз тасымалдаудың жолын кесу туралы

Ағымдағы жылғы 5 ақпанында Жамбыл облысы Қарасу елді мекеніндеҰҚК шекара жасағы темекінің ірі партиясын (535 мыңнан астам қорап) тасымалдау әрекетінің жолын кесті.

Темекі бұйымдары көрші елден Қазақстанға ілеспе құжаттарысыз жеткізіліп тұрған.

Алдын ала бағалау бойынша тәркіленген тауардың құны 187 млн теңгеден асады.

Әрі қарай қаралуы үшін жүк тиісті органға берілді.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі