ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2025 жылғы қаңтарда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:
27 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды;
12 шетел азаматының шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді.
жалпы салмағы 7 кг астам есірткі заттары;
синтетикалық есірткі жасауға арналған прекурсорлардың 1 факті, жалпы салмағы 1 285 кг жоғары;
113 – қарулар мен оқ-дәрілер (5 дана атуға жарамсыз, 1 дана ату, 25 дана пневматикалық, 152 дана суық қару, 105 дана оқ-дәрілер, 21 дана электрошокерлер);
30 – діни әдебиет (728 дана);
462 – жалпы сомасы 18 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (35 000 литрден астам);
491 – жалпы сомасы 3,1 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
115 – жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеден астам шетел валютасы.
16 дана жүзу құралдары;
жалпы ұзындығы 17,4 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
139 дана (500 кг) бекіре тұқымдас балықтар;
алды алынған залал сомасы шамамен 196 млн теңгені құрайды.
Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеуде.
ҰҚК баспасөз қызметі