Темекі бұйымдарын заңсыз әкелудің жолын кесу туралы

Темекі бұйымдарын заңсыз әкелудің жолын кесу туралы

2025 жылғы 15 қаңтарда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаменті экономикалық тергеп-тексеру, полиция және мемлекеттік кірістер органдарымен бірлесіп темекінің ірі партиясын елге заңсыз әкелудің жолын кесті.

Ілеспе құжаттарсыз 170 мың қорап көлемінде темекі өнімдерін электртехникалық бұйымдары есебінен  Мемлекеттік шекарадан алып өтпек болған.

Алдын ала бағалау бойынша, тәркіленген тауардың құны 50 млн теңгеден асады.

 Ұсталған жүк әрі қарай қаралуы үшін тиісті органға берілді.

 

ҰҚК баспасөз қызметі