
ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2024 жылғы қарашада құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:
17 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды;
19 шетел азаматымен шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді.
26 – есірткі заттары;
62 – қарулар мен оқ-дәрілер (30 дана атуға жарамсыз, 1 дана ату,
1 дана пневматикалық, 43 дана суық қарулары, 136 дана оқ-дәрілер, 18 дана электрошокерлер);
35 – діни әдебиет (1 215 дана);
414 – жалпы сомасы 50 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (55 литрден астам);
644 – жалпы сомасы 3,5 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
132 – жалпы сомасы 3 млрд теңгеден астам шетел валютасы.
1 дана жүзу құралдары;
жалпы ұзындығы 44,3 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
206 дана (1 633 кг) бекіре тұқымдас балықтар;
46 дана (30 кг) таза тұқымдас балықтар;
28 дана итбалығы;
алды алынған залал сомасы 620 млн теңгені құрайды.
Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеуде.
ҰҚК баспасөз қызметі