А.ж. 28 қазанында «Жайсан» автокөлік өткізу пунктінде ҰҚК ШҚ Ақтөбе облысы бойынша департаменті темекілердің ірі партиясын заңсыз әкетудің жолын кесті.
71 мыңнан астам қорап темекі өнімдерін көкөніс өнімдері салынған жәшіктердің астына жасырып, ілеспе құжаттарсыз Қазақстаннан шығаруға әрекеттенген.
Алдын ала бағалау бойынша, тәркіленген тауардың құны шамамен 50 млн теңгені құрайды.
Ұсталған жүк әрі қарай қаралуы үшін тиісті органға берілді.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі