
2024 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара академиясында жас офицерлерге дипломдар табыстау, кезекті шығарып салу рәсімі өтті.
128 түлекке көптен күткен бірінші лейтенант атағы берілді.
Салтанатты іс-шараға ҰҚК басшылығы мен ардагерлері, сондай-ақ курсанттардың ата-аналары қатысты, олар түлектерді құттықтап, ҰҚК Шекара қызметінің офицері атағын абыроймен алып жүрулерін тіледі.
Қалыптасқан дәстүр бойынша іс-шара Академияның жауынгерлік тумен қоштасуы және түлектердің салтанатты шеруімен аяқталды.
ҰҚК баспасөз қызметі