«Желқуар» өткізу пункті жұмысының тоқтатылуы туралы

«Желқуар» өткізу пункті жұмысының тоқтатылуы туралы

ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысындағы су тасқыны жағдайына байланысты 2024 жылғы 29 наурыздан бастап «Желқуар» автомобильдік өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу уақытша тоқтатылғанын хабарлайды.

Көлік құралдарының жүргізушілеріне және осы аймақта шекарадан өтуді жоспарлап отырған адамдарға қалыптасқан жағдайды ескере отырып, өздерінің қозғалыс бағыттарын түзету ұсынылады.

 

ҰҚК баспасөз қызметі