Өткізу пунктінде жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы

Өткізу пунктінде жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы

2023 жылғы 27 шілде мен 25 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының «Қайрақ» өткізу пунктіне қарама-қарсы Ресей Федерациясының «Бугристое» автокөліктік өткізу пунктінде жол төсемін жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Осы ретте, көлік құралдарының қозғалысы қиындап, салдарынан бақылау процедураларының уақыты ұзаруы мүмкін.

Қостанай облысы арқылы Мемлекеттік шекараны кесіп өту үшін келесі өткізу пункттерін қарастыруды ұсынамыз: 

халықаралық өткізу пункті:

– «Ақбалшық» авто (ҚР) – «Воскресенское» авто (РФ);

екі жақты өткізу пункттері:

– «Обаған» авто (ҚР) – «Звериноголовское» (РФ)

– «Желқуар» (ҚР) – «Мариинский» (РФ)

– «Аят» (ҚР) – «Николаевка» (РФ)

– «Қондыбай» (ҚР) – «Комсомольский» (РФ).

Қалыптасып отырған жағдайға байланысты қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды ұсынамыз.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі