Қазақстаннан темекіні заңсыз шығарудың жолын кесу туралы

Қазақстаннан темекіні заңсыз шығарудың жолын кесу туралы

2023 жылғы 17 мамырда «Қайрақ» автокөлік өткізу пунктінде ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментінің әскери қызметкерлері шетел азаматы тізгіндеген жүк көлігін тексеру барысында акциздік маркілері мен ілеспе құжаттарынсыз 205 қораптағы темекіні анықтады.

Тәркіленген тауардың құны алдын ала есеп бойынша 50 млн теңгеден асады.

Заң бұзушы мен анықталған жүк аймақтық Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлеріне тапсырылды.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі