Су тасқыны салдарынан «Желқуар» автомобильдік өткізу пунктінің жұмысы тоқтатылды

Су тасқыны салдарынан «Желқуар» автомобильдік өткізу пунктінің жұмысы тоқтатылды

Су тасқыны жағдайына байланысты 2023 жылғы 29 наурыздан бастап Қостанай облысы Жітіқара ауданы аумағындағы Ресей Федерациясы Челябинск облысының ресейлік «Мариинский» өткізу пунктіне қарама-қарсы орналасқан «Желқуар" автомобильдік өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу уақытша тоқтатылды.

«Желқуар» автомобиль өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізуді қайта бастау туралы ақпарат қосымша жарияланатын болады.

Көлік құралдарының жүргізушілеріне қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қозғалыс бағыттарын түзету ұсынылады.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі