Шетел азаматтарының ұсталуы туралы

Шетел азаматтарының ұсталуы туралы

2023 жылғы 15 ақпанда ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері ҰҚКД және Меркі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп,  қазақстан-қырғызстан мемлекеттік шекарасы арқылы Қазақстан Республикасына заңсыз өтпекші болған Пәкістан Ислам Республикасының 9 азаматын ұстады.

Ұсталындарға қатысты құзырлы орган сотқа дейінгі тергеуді бастады.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі