Контрабандалық өнімді өткізудің жолын кесу туралы

Контрабандалық өнімді өткізудің жолын кесу туралы

ҚР ҰҚК Шекара қызметі тауарларды Мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізу фактілерін анықтауды жалғастыруда.

Мәселен, 2023 жылғы ақпанда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысының «Қарасу» автомобильдік өткізу пунктінде құны 370 млн теңгеден астам сомаға бағаланған электрондық темекінің ірі партиясын ілеспе құжаттарсыз алып өтпек болған шетелдік азаматтардың әрекеті тоқтатылды.

Алматы қаласының халықаралық әуежайында «Стамбул – Алматы» халықаралық рейсінде ілеспе құжаттарсыз сомасы шамамен 10 млн теңге тұратын алтыннан жасалған бұйымдарды әкелуге тырысқан ҚР азаматы ұсталды.

Ұсталғандар одан әрі қарастыру үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімшелеріне тапсырылды.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі