Пайдалы қазбаларды заңсыз өндірудің жолын кесу туралы

Пайдалы қазбаларды заңсыз өндірудің жолын кесу туралы

2022 жылғы 1 қазанда ҰҚК Шекара қызметі полиция қызметкерлерімен бірге Жетісу облысы Ақсу ауданының «Сарытау» жерінде пайдалы қазбаларды заңсыз өндірген 14 азаматты ұстады.

 

 

 

Заң бұзушылар ұсталған ауданды тексеру барысында бұрғылау құралдары, топырақты қопсытуға және қазуға арналған жабдықтар, бензиндік агрегат, сондай-ақ салмағы 40 тоннаға жуық кен өнімі тиелген «HOWA» маркалы  жүк көлігі табылды.

Құқық бұзушылардың шекаралық аймақта тау-кен өндіру жұмысын жүзеге асыруға рұқсат құжаттарының жоқ екені анықталды.

 

 

Осы факті бойынша тергеуді облыстық полиция департаменті жүргізуде.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі