«Маштаково» (РФ) шекаралық өткізу пунктінде жол жөндеу жұмыстары туралы

«Маштаково» (РФ) шекаралық өткізу пунктінде жол жөндеу жұмыстары туралы

Ресей Федерациясы ФҚҚ Шекара қызметінің ақпаратына сәйкес, 2022 жылғы 22 қыркүйектен 25 желтоқсанға дейін «Маштаково» шекаралық өткізу пунктіне (Батыс Қазақстан облысының «Сырым» өткізу пунктіне қарсы) жақын орналасқан автокөлік жолдарында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жағдай аталған учаскенің өткізу мүмкіндігін айтарлықтай төмендетеді.

Қазақстан мен Ресей шекарасындағы өзге өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді.

Көрсетілген өткізу пункті арқылы маршруттарды алдын ала түзету үшін хабарлаймыз.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі