Өткізу пунктінің уақытша жабылуы туралы

Өткізу пунктінің уақытша жабылуы туралы

Қырғызстан Республикасы МҰҚК Шекара қызметінің ақпараты бойынша 2022 жылғы 1 қыркүйекте сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін «Ақ-жол автожолдық» өткізу пунктіндегі («Қордай» өткізу пунктіне қарама-қарсы) техникалық базаның жаңартылуына байланысты азаматтар мен автокөліктерді өткізу тоқтатылады.

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан басқа өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді.

Көрсетілген өткізу пункті арқылы маршруттарды алдын ала түзету үшін хабарлаймыз.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі