Мемлекеттік шекараны бұзушы ұсталғаны туралы

Мемлекеттік шекараны бұзушы ұсталғаны туралы

2022 жылғы 24 тамызда кешке ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің шекарашылары Кеген ауданындағы Іле Алатауы жотасының таулы шатқалдарының бірінен Мемлекеттік шекараны бұзып өткен шетел азаматын ұстады.

Шекара нарядының тоқта және құжатыңды көрсет деген талабын естіген шекара бұзушы өзінің аңшы қаруымен әскери қызметшілерге қарай оқ атып, қарсылық көрсеткен және ізін суытуға тырысқан.

Ұсталған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Шекарашылардың өмірі мен денсаулығына зиян келмеді, олар шекараның таулы учаскесін күзету бойынша қызметтерін жалғастырды.

Әскери қызметшілердің ұстау кезінде көрсеткен ержүректігі мен батылдығын ескере отырып, оларды көтермелеу мәселесі қаралуда.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі