Әскери қызметшінің қазасы туралы

Әскери қызметшінің қазасы туралы

2022 жылғы 17 тамызда Атырау облысында Мемлекеттік шекара учаскелерінің бірінде қызметін өткеріп жүрген Шекара қызметінің әскери қызметшісі Ерғалиев Нұрбек қайтыс болды.

Сот-медициналық сараптау нәтижесі бойынша «кенеттен болған жүрек өлімі» анықталды.

Әскери қызметшінің өлімі фактісіне қатысты тергеу органдары қылмыстық іс қозғады.

ҰҚК Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы әскери қызметшінің туғандары мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, қаза тапқан адамның отбасына қажетті көмек беру шараларын қабылдауда.

 

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі