Өткізу пункттерінде тыйым салынған заттарды ұстау туралы

Өткізу пункттерінде тыйым салынған заттарды ұстау туралы

ҰҚК Шекара қызметі 2022 жылдың басынан бері 170 бірліктен астам оқ-дәріні, 8 мың бірліктен аса суық қару мен электрлік естен тандыру құралдарын шекара арқылы өткізу әрекеті кезінде тәркілеп, оқсыз атылатын қаруды әкетудің 2 фактісінің жолын кесті.

Тек соңғы аптада шекаралық бақылау жүргізу кезіндегі тексеру іс-шаралар нәтижесінде 60 аңшылық және 6 зақымдайтын оқ, қолдан жасалған 2 пышақ анықталды.

Барлық жағдайларда ұсталған адамдар мен көліктер процессуалдық шешімдер қабылдау үшін құзыреті бойынша ішкі істер органдарына тапсырылды.

ҰҚК Шекара қызметі азаматтарға Мемлекеттік шекара арқылы тыйым салынған заттарды тиісті рұқсат құжаттарсыз алып жүру кезіндегі жауапкершілік туралы ескертеді.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі