Мемлекеттік шекараны бұзушыларды ұстау туралы

Мемлекеттік шекараны бұзушыларды ұстау туралы

2022 жылғы 31 шілдеде Жетісу облысы Панфилов ауданында шекарашылар Мемлекеттік шекараны бұзушылардың жолын кесті. Қытай Халық Республикасының азаматы ұсталды, ол Қазақстан Республикасына өткізу пунктінен тыс кіруге және кейіннен Еуропа елдеріне
бет алуға талпынған.

2022 жылғы 2 тамызда Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің Қостанай облысы Қарабалық ауданындағы бөлімшесі Мемлекеттік шекараны бұзғаны үшін Қазақстанның аумағында қылмыстық қудалаудан жасырынуға әрекет жасаған Ресей Федерациясының екі азаматын ұстады.

Қазіргі уақытта ұсталған құқық бұзушыларға қатысты уәкілетті органдар сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі