Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттері жұмысының уақытша тоқтатылуы туралы

Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу  пункттері жұмысының уақытша тоқтатылуы туралы

2022 жылғы 1 шілдеден бастап өзбек әріптестерінен келіп түскен ақпаратқа сәйкес, ақпараттық жүйенің істен шығуына байланысты Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы «Даут-ата» - «Тәжен» (автомобильдік) өткізу пунктінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу уақытша тоқтатылды.

Осы ақпарат бойынша «Каракалпакия» – «Бейнеу» бағытында теміржол қатынасы тоқтатыла тұруы мүмкін.

Осыған байланысты аталған өткізу пункттері арқылы мемлекеттік шекарадан өтетін азаматтар өз маршруттарын алдын ала жоспарлауын сұраймыз.

Өзбек тарапы өткізу пункттерінің жұмысын қайта бастағаны туралы қосымша хабарлайтын боламыз.

 

ҰҚК баспасөз қызметі