ҰҚК ШҚ мерзімді қызмет әскери қызметшісінің қазасы туралы

ҰҚК ШҚ мерзімді қызмет әскери қызметшісінің қазасы туралы

4 маусымда ҰҚК Шекара қызметі Маңғыстау облысы бойынша департаментінде мерзімді қызмет әскери қызметшісі «Т.» өз-өзіне қол жұмсады. 

Алдын ала ақпарат бойынша, суицидтің себебі әскери қызмет өткерумен байланысты емес отбасылық-тұрмыстық проблемалар болған.

Құқық қорғау органдары қажетті тергеу амалдарын жүргізуде.

Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, қаза тапқан адамның отбасына қажетті көмек көрсету шараларын қабылдауда. 

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі