Шекарашылар шетелдікті жалған құжаттармен ұстады

Шекарашылар шетелдікті  жалған құжаттармен ұстады

2022 жылғы 28 наурызда шекарашылар Алматы қ. халықаралық әуежайында Алматы – Тбилиси рейсінде паспорттық бақылауда шетелдік азаматты жалған құжаттармен ұстады.

Сұрау барысында бұл адамның 2017 жылдан бастап Қазақстан аумағында заңсыз болғаны анықталды. Жазадан құтылу үшін анықтамалық деректері өзгертілген жалған құжат сатып алған.

Шетелдіктің әрекетінде ҚР ҚК 385-ші (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу) және 430-шы (Сот үкімін немесе сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау) баптарын бұзушылықтар байқалады.

Материалдар полиция органдарына берілді.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі