Шекарашылар тағы да ірі көлемдегі киік мүйізін шекара арқылы алып өтудің жолын кесті

Шекарашылар тағы да ірі көлемдегі киік мүйізін шекара арқылы алып өтудің жолын кесті

2019 жылғы 13 қарашада Орал шекара жасағының «Ақсай» шекаралық бақылау  пунктінде  ҚР-дан РФ-ға «Рено» автомашинасымен кетіп бара жатқан 1983 жылғы туған РФ азаматы ұсталды. Шекара наряды автокөліктің жүк салғышын тексеру барысында жалпы салмағы 29 кг жаңа кесілген 128 дана Киіктің мүйізі табылды. Алдын ала болжамды бағасы 242 400 000 теңгені құрайды.

Аталған факті «Жоғалып кету қаупі бар және сирек, сондай-ақ қолдануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарларды заңсыз аулау» бойынша ҚР ҚК 339-бабымен қарастырылады.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі