Жалған VIN-кодтары бар автокөліктерді анықтау туралы

Жалған VIN-кодтары бар автокөліктерді анықтау туралы

2022 жылдың басынан бастап ҰҚК Шекара қызметінің өткізу пункттерінде сәйкестендіру нөмірлері өзгертілген 27 көлік құралы анықталды. 

2021 жылы шекарашылар ұқсас бұзушылықтары бар 217 автомобильді анықтады. 

Аталған көліктер құзыреті бойынша полиция органдарына берілді.

Шекарадан өту кезінде құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін, азаматтарға Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде автомашина сатып алу кезінде анағұрлым қырағы болу қажет.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі