Шекарашылар ірі көлемдегі ақша қаражатын заңсыз шығару фактілерінің жолын кесті

Шекарашылар ірі көлемдегі ақша қаражатын  заңсыз шығару фактілерінің жолын кесті

2022 жылғы 24-31 қаңтар аралығында Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері шетелге ақша қаражатын заңсыз шығару әрекеттерінің алдын алды.

Шекарашылар жалпы сомасы 311 526 967 теңге болатын декларацияланбаған шетел валютасын алып шығудың 24 фактісін (Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Ақтау, Өскемен қалаларында) анықтады.

Материалдар құзыреттері бойынша мемлекеттік кірістер және экономикалық қылмыстарды тергеу органдарына берілді.

ҰҚК Шекара қызметі ҚР-дан тыс жерлерге шығатын азаматтарға ірі ақша қаражатын (он мың АҚШ долларынан астам) алып шығудағы заң талаптарын сақтауды және декларациялау қажеттігін еске салады.

 

ҰҚК баспасөз қызметі