Пойыз вагонында жасырынған шекара бұзушы ұсталды

Пойыз вагонында жасырынған шекара бұзушы ұсталды

2021 жылғы 11 желтоқсанда Шекара қызметі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің «Жайсаң» шекаралық бақылау бөлімінің (темір жол) әскери қызметшілері РФ азаматының ҚР-на заңсыз кіру әрекетінің жолын кесті. Шекаралық бақылауды жүзеге асыру барысында жүк поезының вагонындағы металл (құбырлар) астында жасырынған мемлекеттік шекара бұзушы анықталған.

Аталған факті бойынша тәртіп бұзушыны жауапқа тарту туралы іс жүргізу шаралары жүргізілуде.

 

ҰҚК баспасөз қызметі