Арнаулы қызмет туралы кітаптардың тұсаукесері өткізілді

Арнаулы қызмет туралы кітаптардың  тұсаукесері өткізілді

2021 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында елордада және еліміздің барлық өңірлерінде «Отандық арнаулы қызметтің хроникалары. Адамдар, оқиғалар, фактілер туралы хикаялар» және «Мемлекеттік шекара» кітаптарының тұсаукесері өткізілді.

Салтанатты іс-шараға ҰҚК-нің басшы және жеке құрамы, ардагерлері, кітаптардың тікелей кейіпкерлері және шақырылған қонақтар қатысты. Алғыс хаттарды, ведомстволық наградаларды және жарыққа шыққан кітаптарды тапсыру рәсімдері өткізілді.

Осы кітаптардың әрқайсысында әртүрлі оқиғалар сипатталып, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және Отанымыздың шептерін қорғауға баға жетпес үлес қосқан және бүгінгі күнге дейін үлес қосып келе жатқан кейіпкерлер ұсынылған. Өкінішке орай, олардың ішінде жекелеген адамдар өздерінің қызметтік борышын өмірлерін қия отырып орындады.

 

 ҚР ҰҚК баспасөз қызметі