Шекарашылар биоресурстарды қорғау бойынша іс-шаралар жүргізуде

Шекарашылар биоресурстарды қорғау бойынша іс-шаралар жүргізуде

Қазақстан мен Ресей шекара ведомстволары 2021 жылғы қазанда Каспий теңізі су айлағында браконьерлік әрекеттің жолын кесу бойынша бірлескен жедел-алдын алу
іс-шараларын жүргізуде.

Теңіз шекарашылары браконьерлікпен айналысқан 40-тан астам Қазақстан азаматын ұстады. 20 000 метрге жуық балық аулайтын тор мен 6 000-нан астам ілмек алынды, 13 бекіре тұқымдас және 3 000-нан астам өзге де балық түрі табиғи мекендеу ортасына жіберілді.

Алды алынған мемлекетке экономикалық залал 60 млн. теңгеден артықты құрады.

ҰҚК баспасөз қызметі