Шекарашылар шекара бұзушыларды ұстады

Шекарашылар шекара бұзушыларды ұстады

2021 жылғы 30 қыркүйекте ШҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің Хаби Халиулин атындағы бөлімшесінің шекарашылары «Lifan» маркалы автокөлігімен шекараны заңсыз кесіп өту әрекеті үстінде Өзбекстанның 6 азаматы мен Қазақстанның 1 азаматын ұстады.

Тәртіп бұзушылар Ресей Федерациясына бағыт алып, Мемлекеттік шекараның өткізу пунктін айналып өтіп кетуді жоспарлағаны анықталды.       

 

Ұсталғандарға қатысты құқықтық сипаттағы шаралар қабылданды.

 

ҰҚК баспасөз қызметі