Әлеуметтік желілердегі жарияланымға қатысты

Әлеуметтік желілердегі жарияланымға қатысты

ҚР ҰҚК Шекара қызметі әлеуметтік желілерде мерзімді қызмет сарбазы туралы таралып жатқан материалға қатысты әскери қызметші Қызылорда облысы бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаментімен 2021 жылғы 25 қыркүйекте мерзімді әскери қызметке шақырылып, 27 қыркүйекте қызмет өткеру орнына келгенін хабарлайды.

Қызылорда облысының әскерге шақыру комиссиясы оны әскери қызметке жарамды деп таныған.

29 қыркүйекте құрысу ұстамасының белгілерімен Үшарал қаласының орталық ауруханасына жатқызылды. 30 қыркүйектен бастап Алматы қ. ҰҚК госпиталінде тексерілуде. Әскери-дәрігерлік комиссия оның одан әрі қызмет өткеруі туралы шешім қабылдайтын болады.

 

ҰҚК баспасөз қызметі