Шекарашылар жасырылған балықты тапты

Шекарашылар жасырылған балықты тапты

2021 жылғы 23 қыркүйекте Шекара қызметі Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен Түпқараған аудандық полиция бөлімінің бірлескен іс-шараларының барысында Түпқараған ауданы Аташ ауылындағы жеке үйлердің бірінде тоңазытқыш жабдығына жасырылған жалпы салмағы 215 кг бекіре тұқымдас балық табылды.

 

Аталған факт бойынша Түпқараған аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК 339-бабының 3-бөлігі «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады және тиісті сараптамаларды тағайындады.
 

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі