«Қайрақ» пунктінде екі «К» ұсталды

«Қайрақ» пунктінде  екі «К» ұсталды

2021 жылғы 8 шілдеде шекарашылар «Қайрақ» (Қостанай облысы) автокөлік өткізу пунктінде «Рапискан» рентген-телевизиялық аппаратының көмегімен Ресей аумағына бағыт алған «К» есімді ҚР азаматшасынан жалпы салмағы 325 граммды құрайтын 7 алтын құймасын анықтады.

Ұсталған әйелдің айтуынша, көрсетілген қораптағы заттың не екенін толық білместен кездейсоқ танысының өтініші бойынша шекарадан алып өтуге келісімін берген.

Контрабандалық жүкпен ұсталғанға қатысты мән-жайды анықтау жұмысы Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.

Сіздің шетелдік сапар жоспарыңызда күтпеген өзгерістерді болдырмау үшін Шекара қызметінің әскери қызметшілері таныс емес адамдардың сіз үшін белгісіз мазмұны бар жүктер мен посылкаларды тасымалдау туралы өтініштерін қабылдамауды ұсынады.

Дәл осы күні аталған өткізу бекетінде жалпы салмағы 15 грамм болатын есірткі затын жасырын алып өтпек болған ҚР азаматы «К» ұсталды.

Заңсыз жүкті ұстауға жақсы дайындықтан өткен, 2016 жылы туған белгиялық қойшы ит «Майя» қызметтік итінің көмегі тиді.

Одан әрі іс жүргізу әрекеттерін жүргізу үшін ұсталған азамат Қарабалық ауданының полиция бөліміне тапсырылды.

Заманауи техникалық құралдар мен дайындалған қызметтік жануарларды шебер қолдану – шекаралық бақылаудың нәтижелі жұмысының кепілі!

Айналымға тыйым салынған немесе шектеу қойылған заттарды шекара арқылы тасымалдаудан бас тартуды ұсынамыз.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі