Қазақстан-қытай шекарасында өткізу пункттерін уақытша жабу туралы

Қазақстан-қытай шекарасында өткізу пункттерін уақытша жабу туралы

Қазақстан Республикасындағы мереке күндеріне байланысты ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы Қазақстан - қытай шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісім негізінде «Нұр Жолы», «Достық», «Бақты» автокөлік өткізу пункттері 2021 жылғы 1, 7 және 9 мамырда жұмыс істемейді.

 

Қазіргі уақытта Қазақстан - Қытай шекарасында 2 темір жол («Достық» және «Алтынкөл») және 3 автокөлік («Нұр Жолы», «Достық», «Бақты») өткізу пункттері жұмыс істейді, жалғасып жатқан карантиндік шектеулерге байланысты бұл пункттер арқылы тек жүктер мен тауарларды ғана өткізу  жүзеге асырылады.

 

Аталған өткізу пункттері арқылы жүк көлік құралдары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлау үшін хабарлаймыз.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі