Жарияланбаған ақша қаражатының әкетілуіне жол берілмеді

Жарияланбаған ақша қаражатының әкетілуіне жол берілмеді

2021 жылғы 6 сәуірде Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің («Жібек жолы» өткізу пункті) қызметкерлері 88 700 АҚШ доллары көлемінде декларацияланбаған ақша қаражатын тасымалдау фактісінің алдын алды.

 

 

Шекаралық бақылау барысында Қазақстаннан шығуға бет алған жүріс-тұрысы күдікті «С» есімді Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды.

 

 

Тексеру барысында «С» денесінен (киім астына) жасырылған ақша қаражаты табылды. Сотқа дейінгі тергеу  амалдары басталды.

 

 

Дәл осы өткізу пунктінде ақша қаражатын заңсыз алып-өтудің бұл алғашқы жағдайы емес екенін айтып кету қажет. 

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі