Шекара қызметінің батыс аймағындағы іс-шаралары туралы

Шекара қызметінің батыс аймағындағы іс-шаралары туралы

2021 жылғы 1 сәуірден бастап ҰҚК ШҚ Маңғыстау және Атырау облыстары бойынша департаменттері басқа өңірлерден шекарашыларды тарта отырып және Ресей Федерациясындағы әріптестерімен бірге бірлескен жедел профилактикалық іс-шаралар өткізуде.

Шара мақсаты - шекаралық кеңістіктегі құқыққа қарсы тәуекелдердің алдын алу.

Бір мезгілде құқық қорғау және өзге де уәкілетті органдардың теңіз фаунасының заңсыз айналымы фактілерінің жолын кесуге бағытталған «Бекіре» акциясына қатысуда.
 
ҰҚК баспасөз қызметі