«Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүк ұсталды

«Қарасу» өткізу пунктінде  контрабандалық жүк ұсталды

2021 жылғы 4 наурызда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаменті «Қарасу» автокөліктік өткізу пунктінде Бішкек (ҚР) қаласынан Екатеринбург (РФ) қаласына бағыт алған Қырғызстан азаматының басқаруындағы «Reno RV1» маркалы автокөлігінен броньдалған техника (ЖБКТТ) қосалқы бөлшектерін анықтады.  Құжат бойынша     ол «Т-150 РЖ» тракторының бөлшектері деп көрсетілген.

 

Ұсталған жүк Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне берілді.

 

А.ж. 5 наурызда дәл осы өткізу пунктінде Қазақстан аумағынан Қырғызстанға кезекті рет заңсыз өткізілмек болған медициналық дәрі-дәрмек ірі партиясының жолы кесілді.       48 млн теңгеден асатын 50-ге тарта қораптан тұратын жүктің рұқсат құжаттары болмай шықты.

 

Қазақстан аумағынан соңғы аптада медициналық тауарларды заңсыз жолмен шығарудың бұл бірінші әрекеті еместігін айта кету қажет.

 

Ұсталған жүк Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне өткізілді.

 

Қазақстандық шекарашылар Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту және контрабандалық жолмен жүктерді өткізу арналарының жолын кесу бойынша белсенді іс-шараларды жалғастыруда.

 

 

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі