ҰҚК Шекара қызметі әуе апатынан қаза тапқан әскери қызметшілерді еске алды

ҰҚК Шекара қызметі әуе апатынан қаза тапқан әскери қызметшілерді еске алды
  • Бүгін Түркістан облысында осыдан сегіз жыл бұрын 27 әскери қызметшінің өмірін қиған АН-72 әскери ұшағы апат болған орында, сондай-ақ ҰҚК ШҚ барлық аумақтық бөлімшелерінде еске алу жиыны өткізілді.  

 

  • Іс-шараға  дін өкілдері және «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының ардагер-шекарашылары, сондай-ақ қайтыс болғандардың жақындары, туған-туыстары қатысты.    

 

  • ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаменті әскери қызметшілерінің бастамасымен өз елінің нағыз патриоттары – Отан сақшыларын ұлықтай отырып, ұшақ апаты болған орынға мемориалдық тақта орнатылды.  

 

  • Мемориал басында оңтүстік шекарашылары марқұм болған қаруластарының құрметіне дұға-тілектерін арнап, гүл шоқтарын қойды.  

 

  • 2012 жылдың 25 желтоқсаны күні мемлекетімізде қаралы күн жарияланған еді. Қыстың қытымыр күнінде ел астанасынан Шымкент қаласына бет алған ҚР ҰҚК Шекара қызметінің АН-72 әскери ұшағы апатқа ұшырады.  

 

  • Сайрам ауданы Тассай елді мекені маңында орын алған ұшақ апатынан 27 адам қаза тапты. Бұл тәуелсіз ел тарихында болған ең ірі қайғылы оқиға еді.

         ҚР ҰҚК баспасөз қызметі