Өзбекстан азаматы есірткі заттарын өткізгісі келгені үшін ұсталды

Өзбекстан азаматы есірткі заттарын өткізгісі келгені үшін ұсталды
  • 2020 жылғы 22 желтоқсанда шекарашылар «Жібек Жолы» автомобиль өткізу пунктінде (Түркістан облысы) «Нано» атты қызметтік итті пайдалана отырып шекаралық бақылауды жүзеге асыру кезінде Өзбекстан Республикасының азаматын есірткі заттарын тасымалдауға әрекет жасағаны үшін ұстады.

 

  • Шекаралық наряд құрамының іс-қимылы нәтижесінде қызметтік ит осы азаматтың сөмкесіне белгі берді, жеке тексеру кезінде сөмкеде шекаралық бақылаудан жасырылған қырынуға арналған гель түтігіндегі есірткі заты анықталды.

 

  • Жүргізілген сараптама нәтижесінде салмағы 43,2878 гр «кептірілген марихуана» есірткі заты анықталды.

 

  • Жоғарыда аталған азамат пен есірткі заттар Түркістан облысы Сарыағаш ауданының аудандық полиция бөліміне тапсырылды. Процестік әрекеттер жүргізілуде.

 

  • ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері есірткі заттарын тасымалдауға жол бермеу мақсатында өткізу пункттерінде бақылауды күшейтуге бағдарланған.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі