Шекараны күзету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы

Шекараны күзету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы

ҰҚК Шекара қызметі өткізу пункттерінде құқыққа қайшы әрекеттерді анықтау және жолын кесу бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.

Ағымдағы жылғы 1-10 тамыз аралығында шекара арқылы жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам тауарлар мен жүктерді заңсыз тасымалдаудың 551 фактісінің жолы кесілді.

Атап айтқанда, жанар-жағармай материалдарын заңсыз алып шығудың 411 әрекетіне, сондай-ақ халық тұтынатын тауарларды өткізу тәртібін бұзудың 140 фактісіне жол берілмеді.

Кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

 

ҰҚК баспасөз қызметі