Вейптерді өткізудің жолын кесу туралы

Вейптерді өткізудің жолын  кесу туралы

А.ж. 29 маусымда ҰҚК Шекара қызметінің Қостанай облысы бойынша департаментінің «Қайрақ» автомобильдік өткізу пунктінде мемлекетіміздің аумағына ірі партияда «вейптерді» заңсыз алып кіру әрекетінің жолы кесілді.

Тыйым салынған 27 624 дана көлеміндегі тауарлар жүк автокөлігінің тіркемесіндегі басқа жүктердің арасында анықталды.

Алдын ала бағалау бойынша, тәркіленген электрондық тұтыну жүйелерінің құны 500 млн теңгені құрайды.

Аталған факті бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды.

Еске саламыз, Қазақстанда шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды алып кіруге, өндіруге тыйым салынады.

 

ҰҚК Баспасөз қызметі