
ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2026 жылғы маусымда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:
Шекара кеңістігінде 5 281 ҚР заңнамаларын бұзушыларды ұстады, соның ішінде 4 493 шетел азаматтары.
4,3 млрд теңге сомасында тауарлар мен жүктерді шекара арқылы заңсыз өткізудің 1 476 фактісінің алды алынды, оның ішінде:
32 факті – есірткі заттары;
66 факті – қарулар мен оқ-дәрілер (84 дана суық қару, 44 дана оқ-дәрі);
708 факті – көлемі 40 тоннадан асатын мөлшерде жанар-жағармай материалдары;
489 факті – жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;
181 факті – сомасы шамамен 2,2 млрд теңгені құрайтын шетел валютасы.
Каспий акваториясында браконьерлікпен айналысудың 27 фактісінің алды алынды, 24,7 км браконьерлік құрал, сондай-ақ 94 дана (658 кг) бекіре тұқымдас балық тәркіленді.
Алдын алған шығын сомасы 285 млн теңгеден астамды құрады.
Құзыреті шеңберінде Шекара қызметі 50 қылмыстық іс қозғап, тергеу шаралары жүргізілуде.
Сондай-ақ 36 млн теңгеден астам көлемде айыппұл салынған 3526әкімшілік іс өндірісте.
Қалған фактілер бойынша материалдар процестік шешімдер қабылдануы үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
ҰҚК баспасөз қызметі