Темекі өнімдерін заңсыз алып өтудің жолын кесу туралы

Темекі өнімдерін заңсыз алып өтудің жолын кесу туралы

2026 жылғы 8 маусымда Жамбыл облысындағы «Қарасу» автомобиль өткізу пунктінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі ірі көлемдегі темекі өнімдерін әкелудің жолын кесті.

Жүк автокөлігінің жасырын жеріне 360 мың қорап темекі өнімдерін тығу арқылы Қазақстан аумағына заңсыз алып өтпек болған.

Алдын ала бағалау бойынша алынған темекі өнімдерінің құны 180 млн теңгеден асады.

Ұсталған тауар одан әрі тексеру жүргізу үшін тиісті органға тапсырылды.

Жыл басынан бері ҰҚК Шекара қызметі темекі өнімдерін заңсыз алып өтудің 93 фактісінің жолын кесті, олардың жалпы құны 386 млн теңгені құрады.

 ҰҚК баспасөз қызметі