
ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2026 жылғы мамырда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:
Шекара кеңістігінде 3 881 ҚР заңнамаларын бұзушыларды ұстады, соның ішінде 1 125 шетел азаматы.
Мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 1180 фактісінің алды алынды, соның ішінде:
41 факті – есірткі заты;
61 факті – қарулар мен оқ-дәрілер (2 бірлік атыс, 42 бірлік суық қару, 118 бірлік оқ-дәрілер);
406 факті – көлемі 85 тоннадан асатын мөлшерде жанар-жағармай материалдары;
526 факті – жалпы сомасы 665 млн теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
146 факті – жалпы сомасы шамамен 1,5 млрд теңгені құрайтын шетел валютасы.
Каспий су айдынында браконьерлікпен айналысудың 12 фактісі тоқтатылып, браконьерлік құралдар мен бекіре балықтары тәркіленді.
Алдын алған шығын сомасы 210 млн теңгеден астамды құрады.
Құзыреті шеңберінде Шекара қызметі 62 қылмыстық іс қозғады, тергеу шаралары жүргізілуде.
Қалған фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешімдер қабылдануы үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
ҰҚК баспасөз қызметі