
Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі “Қапланбек” өткізу пунктінде Өзбекстан Республикасына кіруді күтіп тұрған бірқатар адамдардың жиналуы туралы хабарлайды.
Бұл көршілес аумақтағы "Новои" өткізу пунктінің тіркеу жүйесіндегі іркілістерге байланысты.
Қазақстан тарапынан өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп тұр, ешқандай шектеулер енгізілген жоқ.
Шекара өкілдері шеңберінде өзара іс-қимыл ұйымдастырылды. Өзбек тарапының мәліметінше, ақауларды жою және өткізу пунктінің жұмыс қабілетін қалпына келтіру бойынша шаралар жүргізілуде.
Сапарларды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз.
ҰҚК баспасөз қызметі