ҰҚК Шекара қызметінің 2025 жылғы іс-қимыл нәтижелері туралы

ҰҚК Шекара қызметінің 2025 жылғы іс-қимыл нәтижелері туралы

ҰҚК Шекара қызметі 2025 жылы құзыретті органдармен өзара іс-  қимыл жасай отырып, Мемлекеттік шекараны қорғау мен күзетуді қамтамасыз ету шеңберінде:

  • Шекара кеңістігінде ҚР заңнамасын бұзған 52 мыңнан астам адамды жауапқа тартты.
  • Тауарлар мен жүктердің мемлекеттік шекара арқылы заңсыз қозғалысының 17 541 фактісінің алдын алды, оның ішінде:

есірткі заттары -  344 факті (1,5 тоннадан жоғары);

қару мен оқ-дәрілер  - 847 факті;

діни әдебиеттер - 315 факті;

жанар-жағармай материалдары - 5 900 факті;

халық тұтынатын тауарлар - 8 083 факті;

валюталар - 2 052 факті.

  • Каспий теңізінің су айдынында 607 браконьерлік фактінің жолын кесті, нәтижесінде:

жүзу құралдары - 226 бірлік;

браконьерлік аулау құралдары - 580 км тор;

бекіре тұқымдас балық түрлері - 2 376 дана;

қара балық түрлері - 7 193 дана;

итбалықтар - 24 дана.

Алдын алған залалдың жалпы сомасы 75 млрд теңгеден астамды құрады.

 

 

Жыл бойында ҰҚК Шекара қызметі Қазақстанның құқық қорғау органдарымен және шетелдік серіктестерімен өзара іс-қимыл жасап, 48шекаралық, 2 ведомствоаралық (есірткінің заңсыз айналымы мен заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл) және 5 халықаралық операцияға (ШЫҰ, Шекара әскерлері қолбасшыларының кеңесі, Каспий теңізінің су айдынындағы заңсыз іс-әрекеттерді тоқтату шеңберінде) қатысты.

 

ҰҚК баспасөз қызметі