Есірткі арнасының жолын кесу туралы

Есірткі арнасының жолын кесу туралы

Биыл 14 желтоқсанда Жамбыл облысының «Айша-бибі» өткізу пунктінде ҰҚК Шекара қызметі есірткі заттарының ірі партиясын алып өту әрекетінің жолын кесті.

Техникалық құралдарды қолдану арқылы көліктің жасырын жерлерінде күдікті зат салынған 36 қап табылды, олардың кейбіреулерінде «999» таңбасы болды.

Сараптама нәтижесінде жалпы салмағы 30 кг-дан асатын тәркіленген заттардың есірткі екендігі анықталды, оның ішінде: героин - 0,999 кг, апиын - 3,620 кг және гашиш - 25,949 кг.

Шетелдік азамат ұсталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

ҰҚК баспасөз қызметі