7 қазанда Маңғыстау облысы бойынша Шекара қызметі Департаментіндежазатайым оқиға болып, мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші қаза тапты.
Алдын ала мәлімет бойынша, қасіреттің себебі техникалық жұмыстар кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамауы болып табылады.
Полиция органдары қылмыстық іс қозғады, қосымша қызметтік тергеу жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
ҰҚК баспасөз қызметі