ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2025 жылғы қыркүйекте құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:
шекара кеңістігінде 4 634 ҚР заңнамаларын бұзушыларын ұстады, соның ішінде 3 954 шетел азаматтары.
Мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 1 349 фактісінің алды алынды, соның ішінде:
45 факті – қарулар мен оқ-дәрілер (1 дана жарақат, 2 дана пневматикалық, 54 дана суық қару,12 дана «АК-74» шолақ автоматтары, 101 дана оқ-дәрі);
478 факті – сомасы 25 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары;
657 факті – сомасы 1,6 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
180 факті – сомасы 1,9 млрд теңгеден астам шетел валютасы.
Каспий акваториясында 103 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ:
15 дана – жүзу құралдары;
ұзындығы 30 км асатын тор – браконьерлік аулау құралдары;
162 дана (643 кг) – бекіре тұқымдас балық;
алды алынған залал сомасы шамамен 258 млн теңгені құрайды.
Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
Қытайда а.ж. 1-3 қазаны аралығында «ҚХР құрылған күні» және ү.ж. 6 қазанында «Күз ортасы мерекесіне» мерекелеуіне байланысты «Майқапшығай», «Бақты», «Достық», «Нұрлы жол» және «Көлжат» автокөлік өткізу пункттерінде адамдар мен көлік құралдарын өткізу жүзеге асырылмайды.
Сонымен қатар, «Достық» және «Алтынкөл» теміржол өткізу пункттері тұрақты режімде жұмыс істейтін болады.
Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ.
ҰҚК баспасөз қызметі