Темекінің ірі партиясын заңсыз әкелудің жолын кесу туралы

Темекінің ірі партиясын заңсыз әкелудің жолын кесу туралы

Биыл 12 қыркүйекте Жамбыл облысындағы шекарада ҰҚК Шекара қызметі жүк пойызын тексеру барысында 890 980 темекі қорабын тапты (акциздік маркаларсыз).

Темекі бұйымдарын құрылыс материалдары түрінде мемлекеттік шекарадан ілеспе құжаттарсыз алып өтуге әрекеттенген.

Алдын ала бағалау бойынша алынған тауардың құны 600 млн. теңгеден асады.

Жүкпен ұсталған вагон ажыратылып, процессуалдық әрекеттер жүргізілуде.

 

ҰҚК баспасөз қызметі